Аталмыш турнирге біздің де әріптестеріміз қатысты, атап айтсақ, Нуржан Мурзабаев, "Минералды тыңайтқыштар зауыты", «Еңбекті қорғау және техника қауіпсіздігі бөлімінің» инженері, Нұрсултан Бакибеков, «Минералды тыңайтқыштары» филиалы «Фторсыздандырылған жемдік фосфаттар» (КОФ) цехының технология бойынша цех бастығының орынбасары және Жамбыл Иманкулов, ЖЖФЗ-да «Еңбек сақтау» бөлімінің инженері. Қазфосфаттың боксшылары қатысып, жүлдегер болды, екінші және үшінші орындарға ие болды. Құттықтаймыз! Әрдайым «Қазфосфат» компаниямыздың жақсы атын шығару сіздерге нәсіп етсін!
Болашақтағы жастарға жаңа жол ашып, өндіріспен бірге мәдени спорттық жүйені де қоса алып жүре білгендігінің, алдағы уақытта химия саласына үлгі-өнеге көрсетіп, халық игілігіне қамқорлығын таныта білдірген компаниямыздың басшылығы спортқа деген құрмет ынтасын әрқашан айрықша көрсетіп жүргендігін білеміз. Мұндай игілікті істің көрер берекесі мол болып, ізгілікті еңбекті қазфосфатшылар қуана қолдайды. Еңбек пен спортты үйлестіре білген компания жұмысшыларының еңбегі жансын деп тілейміз. Жеңісті күндеріміз көп болсын!
ЗИНА БАЙҒАНОВА