«Казфосфат» ЖШС Компаниясы Қазақстан Республикасы заңнамасына сәйкес 1999 жылы 27 қазанда құрылды.
Ал негізгі өндірістік қуаттары Жамбыл облысында шоғырланғандықтан Компанияның операциялық қызметі оның Тараз қаласындағы кеңсесі арқылы басқарылады. Бас кеңсесі Алматы қаласында орналасқан.
Негізгі өндірістік қуаттар Жамбыл облысында шоғырланған, сәйкесінше Компанияның операциялық қызметі Тараз қаласында орналасқан кеңседен басқарылады. Өндірісінің толық циклінің арқасында "Казфосфат" жоғары сапалы өнімдерді өндіру мен қайта өңдеуден бастап дайындау мен жеткізуге дейінгі барлық процестерді қамтиды. Компанияның негізгі қызметі: геологиялық барлау жұмыстарын жүргізу, фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу, фосфорлы минералды тыңайтқыштар мен жемшөп фосфаттарын өндіру болып табылады.
Компанияның құрамына келесі филиалдар мен еншілес компаниялар кіреді:
- "Минералды тыңайтқыштар" зауыты;
- "Казфосфат" тау-кен өңдеу кешені;
- "Шолақтау" тау-кен өңдеу кешені;
- Теміржол-көлік кешені;
- Степногорск химия зауыты;
- Шаруашылық басқарма (ШБ);
- Қазақстандағы, Өзбекстандағы, Түркиядағы, Литвадағы сауда үйлер.
"Казфосфат" ЖШС ТМД және Еуропа аумағында құрамында фосфор бар тыңайтқыштар мен жемшөп фосфаттарын өндіретін ірі компаниялардың бірі болып табылады.
"Казфосфат" ЖШС өнімдері Еуропа, ТМД және Орталық Азия елдерінің нарықтарына жеткізіледі.
Компанияның қызметі Қазақстанның химия кіші саласының кәсіпорындарын дамыту бойынша басым міндеттерді шешуге, сапалы бәсекеге қабілетті өніммен әлемдік нарықтарға шығуға, шикізатты қайта өңдеудің жоғары деңгейінің нәтижесі болып табылатын жоғары технологиялық тауарларды жеткізуші ретінде Қазақстан Республикасының имиджін құруға бағытталған.