"Казфосфат" тау-кен өңдеу кешені
"Казфосфат" ЖШС еншілес компаниясы "Казфосфат ТӨК" ЖШС фосфорит кенін өндіру және қайта өңдеу жөніндегі тау-кен комбинаты болып табылады.
Фосфориттерді өндіру Көк-Су, Көк-жон, Жаңатас кен орындарында жүзеге асырылады.
Қаратау бассейніндегі фосфор-шикізат базасының негізгі артықшылықтары:
- негізінен бірқатар ірі, жүздеген миллион тонна кен, кен орындарына шоғырланған орасан зор қорлар. Геологиялық қорлардың көлемі: 1.58 млрд тонна фосфорит кені;
- бастапқы кендегі Р₂О₅ пайдалы компоненттің салыстырмалы түрде жоғары (21-25%) концентрациясы;
- өнеркәсіптік игерілген және жайластырылған өңірде, Қазақстанның негізгі мақта және қызылша егетін аудандарына және фосфор тыңайтқыштарының ірі тұтынушылары болып табылатын Орталық Азия елдеріне тікелей жақын жерде аумақтық орналастыру.
Шығарылатын өнім:
- термиялық қайта өңдеуге арналған ұсақталған фосфат шикізаты (сары фосфор, термиялық фосфор қышқылы және оның туындыларын алуға арналған шикізат);
- экстракцияға арналған ұсақ ұнтақталған (фосұнтағы) фосфат шикізаты (MAP, DAP алуға арналған шикізат).
Бұдан басқа, Тоғызбай және Дөңгелек кен орындарында әрлеу жұмыстары үшін блокты тас өндіру жұмыстары жүзеге асырылады.