Новости

Мы работаем на укрепление внутреннего рынка

В 2022 году ТОО "Казфосфат" совместно с торговым домом ТОО "KAZ Chemicals Trading House" обеспечили аграриев Казахстана к весенне-полевым работам фосфорными удобрениями на 98%

Қағаз бетіне (немесе ағаш, тас, мата, тері, темір затына, не сүйекке) түскен жазулы текстің көлемі әр түрлі болып келе береді. Оның текст аталуы үлкен, не кішілігіне байланысты емес, мазмұнының тұтастығына, тиісінше басталып, лайықты аяқталғандығына қарай анықталады. Мазмұн тұтастығы болмаған жағдайда текст аяқталмаған, не үзінді, болмаса үзік (фрагмент) ретінде танылады. текст атауы жүйелі мазмұндалған барлық жанрларға ортақ, яғни, көркем әдебиет туындыларын да, ғылыми-зерттеу жұмыстарды да, сондай-ақ, ресми іс-қағаздары мен түрлі құжаттарды да атауға болады. Мысалы , Абай өлеңдері ішіңдегі: «Кеңжайлау -жалғыз бесік жас балаға, Алла асыраған бендесі аш бола ма? Ержеткен соң сыймайсың кең дүниеге, Тыныштық пен зар боларсың баспанаға,» - деген бір шумақ өлең бас-аяғы жұмыр, аяқталған текст Ап, көлемі 108 шумақ (432 жол) «Әзім әңгімесі» атты дастан - аяғы бітпей қалған болып есептеледі және оның соңғы 12 жолы кейіннен - 1943-44 жылдардағы экспедиция кезінде табылған.