«Минералды тыңайтқыштарды өндіру» бағыты бойынша «Бейорганикалық заттар технологиясы» бағдарламасына мектеп, лицей және колледж түлектерін, сонымен қатар бірінші және екінші курсты бітірген студенттерді шақырамыз. Бұл химия өнеркәсібіндегі ТМД-дағы бірінші желілік білім беру кампусының жаңа білім беру бағдарламасы.
Іс-шара 2023 жылғы 21 мамырда (сенбі) сағат 12:00-ден 17:00-ге дейін өтеді.
Өтетін орны: "SOLIS" залы, 3 қабат, "DoubleTree by Hilton Almaty", Досмұхамедов к-сі, 115, Алматы қ.
Назар аударыңыз! Іс-шараға тіркелу үшін сілтеме бойынша өтіңіз
Желілік оқыту формасы жоғары деңгейлі білім алуға мүмкіндік беріп, Ресей химия-техникалық университетінің жетекші оқытушыларының лекциялары мен семинарларына қолжетімділікті қамтамасыз етеді. Д.И. Менделеев – Ресей химия өнеркәсібінің тірек университеті, сонымен қатар материалдық-техникалық ресурстары, зертханалары, оқу және ғылыми орталықтарының инфрақұрылымына. Химиялық және химиялық-технологиялық бейіндегі пәндерді Д.И.Менделеев атындағы РХТУ және М.Х.Дулати атындағы ТарРУ жетекші оқытушылары жүргізеді.
Бағдарлама арқылы сіз бейорганикалық синтездің физика-химиялық және технологиялық негіздері, функционалдық материалдар (катализаторлар мен адсорбенттер), тыңайтқыштар, реактивтер және ерекше таза заттар өндірісі туралы терең білім алып қана қоймай, сондай-ақ бейорганикалық синтез туралы және шикізатты ұтымды өңдеп, қоршаған ортаны қалай қорғау керектігі жайлы терең білім аласыз.
Біздің бағдарламаның басқа университеттердің аналогынан немесе ұқсас бағдарламаларынан айырмашылығы неде?
Біз негізгі бейорганикалық синтез бен қоршаған ортаны қорғауға арналған каталитикалық процестерді, сондай-ақ осы процестер үшін қолданылатын катализаторлар технологиясын зерттеуге ерекше назар аударамыз. Сіз тиімділігі жоғары катализаторлар мен жаңа буынды адсорбенттерді алу, сонымен қатар өндірістік мәселелерді шешу және қоршаған ортаны қорғауға арналған наноқұрылымдық процестерін зерттейсіз.
«Бейорганикалық заттар технологиясы» бағдарламасының түлегі «Қазфосфат» ЖШС-не бәсекеге қабілетті жалақымен, сонымен қатар мансап Жоспары мен Жеке Даму Жоспарымен кепілдендірілген жұмыс орнына қол жеткізе алады.
Химия өнеркәсібі саласындағы ТМД-дағы алғашқы желілік білім беру кампусы жаңа білім мен толымды диалогқа ашық белсенді, өршіл, талапкер жастарды күтуде.
Бағдарламаның түлектері:
- зерттеу тақырыбы, әдістемелерді таңдау және ғылыми зерттеу құралдары бойынша ғылыми-техникалық ақпаратты іздеу, өңдеу, талдау және жүйелей алады;
- заманауи құралдар мен әдістерді қолдану, эксперименттер мен сынақтарды ұйымдастыру, оларды өңдеу және нәтижелерін талдай алады;
- кәсіби өндірістік міндеттерді шешуді жүзеге асыру – технологиялық процесті бақылау, өндіріс нормаларын, материалдарды, дайындаманы, отын мен электр энергиясын тұтынудың технологиялық нормативтерін әзірлеу, жабдықтау мен технологиялық жабдықтарды таңдай алады;
- технологиялық процесті жетілдіруге дайындығын көрсету - шикізатты кешенді пайдалану іс-шараларын әзірлеу, тапшы материалдарды ауыстыру және өндіріс қалдықтарын жою жолдарын іздей алады;
- тиімділігін бағалап, өндіріске жаңа технологияларды енгізе алады;
- жобаларға технологиялық және техникалық есептеулерді жүргізе алады;
- әзірленген жобалар мен бағдарламаларды іске асыру бойынша әдістемелік және нормативтік құжаттарды, техникалық құжаттаманы, сондай-ақ ұсыныстар мен іс-шараларды әзірлей алады;
Химия өнеркәсібі саласындағы ТМД-дағы алғашқы желілік білім беру кампусы жаңа білім мен толымды диалогқа ашық белсенді, өршіл, талапкер жастарды күтуде.