Өткен аптада өзіміздің спорткешенімізде Қазақстан Республикасының жаттықтырушысы Коскиниди Христофор Георгиевичті және «Казфосфат» командасын 15 жылдай жаттықтырған, осыған орай еске алуға арналған шараға 2010 жылы туылған жасөспірімдер арасында футболдан турнир өтті.
Жарысқа қатысатындарды сапқа тұрғызып, жарысты «Казфосфат» компаниясының ЖаңаЖамбыл фосфор зауыт кәсіподағының төрағасы Шақтыбай Жобалайбекұлы Байганов салтанаты түрде сөз сөйлеп ашты, әрі қарай Қазақстан Республикасы Әнұраны орындалды.
Турниріміздің құрметті қонақтары марқұмның жақсылықтарын айтып сөз сөйледі, олар еліміздің екі дүркін чемпионы, үш дүркін Қазақстан кубогінің иегері, «Тараз» футбол клубінің жаттықтырушысы Нуркен Қалдыбекұлы Мазбаев, Қазақстан Республикасына еңбегі сінген жаттықтырушысы Георгий Павлович Хутиди және туыстары мен достары.
Турнирге қатысатындар өз ара төрт топқа бөлініп жарысты бастап кетті.
Жарысты мараппаттау рәсімін Казфосфат компаниясының ЖаңаЖамбыл фосфор заутының директоры Абсамат Батырбекұлы Керімбаев,
ҚР жаттықтырушысы Георгий Павлович Хутиди, достары, төрешілерден ұжымынан Аскат Абданбаев төмендегі номинациямен марапаттады:
Айтқанынан қайтпайтын Төрешілер
Турнирдің ең жас ойыншысы - Аслан Дастан, Төле би Жамбыл ауданы;
fair play Тәртіпті команда - «Сұнқар» командасы
Үздік жаттықтырушы - «Жеңіс» командасы Қуатбеков Нурдаулет
Үздік Қақпашы – «Жеңіс» командасы Максут Абзал
Үздік Қорғаушы – «Атлант» командасы Колдыбай Дастан
Үздік Жартылай қорғаушы – «Каратау» командасы Ибаділда Ділда
Үздік Шабуылшы- «Каратау» Командасы Азатбек Алинур
Үздік Сұрмерген – «Жеңіс» командасы Қуантай Марлен
Үздік капитан - № 5 Облыстык жасөспірімдер мектебі Қуаныш Алижан
Үздік Ойыншы - № 5 Облыстык жасөспірімдер мектебі Жанат Алижан
Тараз қаласының спорт бөлімі де өз үлесін қосты (О.В.Борисюк) - Медальдар мен Дипломдар
«Автогид» спорттауарлар дүкені (Маулен мырза) - Үш кубок
Үш доп – «Достар» командасына және спорт заттарын «Казфосфат» жасөспірімдер командасына берілді
Жеңімпаздар
IV орын - «Атлант» командасы
III орын - «Каратау» командасы
II орын - № 5 Облыстык жасөспірімдер мектебі
I орын - «Жеңіс» командасы
«Коскиниди Кубогі» - № 5 Облыстык жасөспірімдер мектебіне бұйырды.
Марапаттарыңыз құтты болсын!
КЕНЖАЛЫ АЙДАРОВ