Новости

«Казфосфат»-тағы еңбек дауы реттелді

14.04.2023

Кеше Жаңатас қаласындағы “Казфосфат” Қаратау тау-кен комбинатының қызметкерлері арасында туындаған еңбек дауына байланысты өтініштерді зерделеу және оларды қысқа мерзімде шешу мүмкіндігін қарастыру үшін комиссия құрылды.

Комиссия құрамына комбинат басшылығы, кәсіподақ ұйымының өкілдері, сондай-ақ кәсіпорынның жұмысшылары кірді.

Келіссөздер нәтижесінде тараптар сындарлы келісімге келді. Бүгінгі таңда «Казфосфат» компаниясының барлық кәсіпорындары штаттық режимде жұмыс істейді.

Кәсіпорында туындайтын барлық еңбек даулары жедел шешілетінін және «Казфосфат» басшылығы әрқашан өз қызметкерлерінің қажеттіліктерін қанағаттандыруға және конструктивтілікке бағытталғанын атап өткен жөн.

Мәселен, 2023 жылдың қаңтарында «Казфосфат» компаниясы қызметкерлердің жалақысын көтерді. 2023 жылдың шілдесіне қарай еңбекақы сомасын қайта арттыру жоспарлануда.

«Казфосфат» әлеуметтік желілердің пайдаланушыларын тек ресми ақпаратқа сенуге және жалған ақпарат таратпауға шақырады.