Басты бетке

Сатып алу

«Казфосфат» компаниясы сатып алу қызметінің тиімділігі мен ашықтығын арттыруға көп көңіл бөледі, осыған байланысты біз тендерлерді ұйымдастыру және өткізу бөлігінде сатып алуларды автоматтандыруға бағытталған SAP Ariba платформасындағы заманауи бағдарламалық шешімге инвестицияладық.

SAP Ariba және SAP Ariba Sourcing дегеніміз не?

SAP Ariba – бұл бүкіл әлем бойынша 2 миллионға жуық жеткізушіні қамтитын Ariba Network бизнес желісі арқылы сатып алудың тиімділігін және жеткізушілермен өзара әрекеттесуді арттыруға арналған кешенді құрал.

SAP Ariba Sourcing - бұл сатып алу рәсімдерін жүргізуге арналған модуль.

СІЗ ҚАНДАЙ АРТЫҚШЫЛЫҚТАРҒА ИЕ БОЛАСЫЗ

• Жүйенің ыңғайлы және функционалдық интерфейсін пайдалана отырып, коммерциялық ұсыныстарды беру процесін автоматтандыру және стандарттау

• Аукцион нәтижелерін өңдеу және жеңімпазды таңдау мерзімдерін қысқарту

• Ariba Network профилін құра отырып, сіз өз қызметтеріңізді жарнамалау және жаңа бизнес серіктестерді іздеу мүмкіндігімен Ariba Discovery дүниежүзілік бизнес желісіне автоматты түрде қол жеткізе аласыз

«Казфосфат» компаниясының Ariba жүйесінде жүзеге асырылатын барлық сатып алу рәсімдеріне компаниямыздың сатып алуларының нормативтік-құқықтық базасы ережелері қолданылады.

Ariba Network-ке тіркелу үшін біздің операторға өзіңіздің БСН/ЖСН және байланыс деректеріңізді хабарлаңыз. «Нормативтік құжаттар» бөлімінде орналастырылған SAP Ariba функциясы бойынша Жеткізушінің нұсқаулығын пайдаланыңыз.

Тіркелу барысында сұрақтар туындаған кезде SAP Ariba пайдаланушыларына қолдау көрсету қызметіне 8 745 523523 телефоны немесе support@kpp.kz электрондық поштасы арқылы хабарласыңыз (Ariba Network сайтындағы «Қолдау» бөлімі).

Тіркелу кезінде сіз жеткізетін және көрсететін тауарлар мен қызметтердің категорияларын міндетті түрде көрсетіңіз, сіздің клиенттік базаңызды кеңейту мүмкіндігіңіз тікелей осыған байланысты.

Тіркелу тегін.