Теміржол-көлік кешені
1974 жылы наурызда Химия өнеркәсібі министрлігінің бұйрығымен Жамбыл химия зауыттарының көлік цехтары базасында Жамбыл облысының химия зауыттарының жүктерін тасымалдауды қамтамасыз ететін Жамбыл өнеркәсіптік темір жол көлігі кәсіпорны (ЖӨТЖКК) құрылды.
1992 жылдың 30 қыркүйегінде Жамбыл өнеркәсіптік теміржол көлігі кәсіпорны жекешелендіріліп, осы кәсіпорын негізінде "Промтранс" ашық акционерлік қоғамы ұйымдастырылды.
1997 жылғы 1 қазанда кәсіпорын "Казфосфор" ААҚ филиалы - "Химтранс" болып қайта құрылды. 1998 жылғы 1 шілде мен 2000 жылғы 31 желтоқсан аралығында – "Тексуна Кемиклз Инк" ЖШС "Теміржол-көлік кешені".
2022 жылы - "Казфосфат темір жол-көлік кешені" ЖШС еншілес компаниясы (ТКК)
Негізгі қызмет түрлері:
- кірме жолдарды ұсыну бойынша қызметтер;
- "Казфосфат" ЖШС кірме жолдары бойынша жүктерді тасымалдау;
- жүктерді тиеу және түсіру үшін мамандандырылған механикаландыру құралдарын ұсыну;
- вагондарды беру/жинау бойынша қызметтер.
Темір жолдардың жалпы ұзындығы – 229,6 км. Кешен құрамына ТЭМ және 2ТЭ10 типті 26 локомотив кіреді.
Жалпы, вагон паркі 885 бірліктен тұрады.
Бүгінгі таңда ТКК - бұл қазіргі заманғы көлік ұйымы, мұнда көп уақытты қажет ететін процестер механикаландырылған және автоматтандырылған, жабдықтың қуатты әлеуеті және тұрақты жұмыс істейтін ұжым бар.